Атырауда адам өлтіріп, 22 жылға сотталған экс-полицей Манарбек Өтеуовтің бұрынғы басшылары ұсталды
Қаланың криминалдық полиция бөлімінің бастығы Нұрболат Қабдешев пен аға жедел уәкіл Бейбіт Шалтенов қазір тергеу қапасында отыр. Оларға Өтеуовтің атышулы хатындағы деректер негізінде «топ құрып, пайда табу мақсатында қызмет бабын асыра пайдаланды» деген айып тағылып отыр.
Автор: Жанар Низамутдинова
18.10.2016
-Сіз неге өтірік айтып тұрсыз? Мен жерге кіріп кетейін деп тұрмын ғой.
-Кабинетте сөйлестік қой білесіз бе?
-Мен емес, сіз өтірік айтып тұрсыз мына жерде, Құдай куә!
-Құдай бар, көресіз...
Өзбекстан азаматы Дмитрий Кимді өлтіріп, 22 жылға сотталған экс-полицей Манарбек Өтеуов тергеу қапасында отырғанда қылмыс жасауға бастықтары – Бейбіт Шалтенов және Нұрболат Қабдешев мәжбүрледі хат деп жазған еді. Сондай-ақ осы екеуінің жетекшілігімен 100-ден астам қылмыстық істі қолдан жасатқызып, жазықсыздарды түрмеге тоғытып отырғаны да айтылған. Ал босату үшін 500 мың мен 7 млн теңге арасында қаражат талап еткен. Тіпті бас-басына коттедж тұрғызу үшін Атыраудың құрылыс базарындағы саудагерлерді бопсалап, жезөкшелерден де салық жинапты. Осы сұмдықтарды тізбектеген Өтеуовтың 8 беттік хатын Бас прокуратураның тергеу тобы сәуір айынан бері тексеріп, бүгін криминалдық полиция бастығы Қабдешев пен жедел уәкіл Шалтеновты қамауға алды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!