Алматы облысында зорланған келіншекке қатысты сот өтпей қалды
Алматы облысында зорланған келіншекке қатысты бүгінге белгіленген сот отырысы өтпей қалды. Өйткені Жібек Мусиноваға зорлық көрсеткен 4 жігіттің екеуі қазақша, тағы екеуі орысша түсінбейді екен.
Автор: Ербол Тұрымбет
19.10.2016
Сот отырысының өтуіне осы жағдай кедергі болыпты. Жәбірленуші Жібек Мусинова мұны прокуратураның өз ісіне салғырт қарауынан деп отыр. Айта кетейік, биыл тамыз айында 30 жастағы келіншекті 4 жігіт Есік қаласындағы аудандық Ішкі істер басқармасының дәл алдында зорлаған. Қазір олар үш бірдей баппен айыпталуда. Тіпті, тұмсықтарының астында болған қылмысты байқамағаны үшін 4 бірдей шенді полицей жұмысынан қуылған болатын. Сондай-ақ, осы сот барысына учаскелік полиция өкілі де куәгер ретінде қатысып жатыр.
Жібек Мусинова, жәбірленуші:
-Прокуратураның немқұрайлы әрекетіне көңілім толмайды. Бұлай болмауы керек қой. Соның кесірінен сот отырысы кейінге қалдырылып отыр. Бірақ мен істі аяғына дейін жеткізем.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!