{metadescription}
Петропавлда нан арзандады
Петропавлда нан арзандады

Петропавлда нан арзандады

Бағасы бар болғаны 4 теңгеге төмендесе де, жұрт оған да қуанышты. Ас атасының бір бөлкесі қазір 61 теңгеден саудалануда. 

Осыдан бірнеше жыл бұрын Петропавлдың нан-тоқаш комбинаты әлеуметтік нанның атын «ерекше» деп өзгертіп, оны билік пен монополияға қарсы агенттіктің бақылауынан шығарған еді. Содан бері оның бағасы шарықтап кеткен. Ал «әлеуметтік» деген атаумен шығарылатын нанның бағасы қадағаланғанымен, бұл өнімге аса сұраныс жоқ. Ақыры кәсіпорын оның бір бөлкесінің құнын 4 теңгеге арзандатыпты. Дүкендерге 54 теңгеден жеткізілетін нан тұрғындарға 61 теңгедеген сатылып жатыр. 

Ерлан Қайшыбеков, Петропавл нан-тоқаш комбинатының директоры директоры:

-Әлеуметтік маңызды тауар болғасын әкімдіктің өтініші бойынша бағасын арзандаттық. Бұл бізге тиімсіз болғанымен, халық үшін осы қадамға бардық. Биылғы астықтың бағасы былтырғыға қарағанда 10 пайызға қымбаттау болып тұр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде