Баян Мақсатқызы өзін өлтіре жаздаған күйеуіне кешірім берді
Баян Есентаева өзін сабаған күйеуіне сотта араша түсті. Белгілі продюсер сотта Бақытбек Есентаевқа кешірім беріп қана қоймай, оны бас бостандығынан айырмауды сұрады.
Автор: Ербол Тұрымбет
19.10.2016
Сот барысы кешелі бері жабық жағдайда өтіп жатыр. Ал Баянды өзінің туған жездесі, Марат Асқарбековтың қорғап жатқанын айта кетейік. Адвокаттың айтуынша, Баян қыздарының болашағын ойлағандықтан осындай шешімге келген. Естеріңізге салсақ, атышулы оқиға оныншы маусымда болған еді. Бірнеше жерден пышақталған продюсер ауыр хәлде ауруханаға түскен болатын. Дегенмен, Бақытбек Есентаевтың тағдыры қалай шешілері әлі белгісіз. Өйткені, Баян күйеуіне кешірім жасағанымен, заң бойынша оның әрекетіне тек сот қана баға береді.
Марат Асқарбеков, Б. Есентаеваның адвокаты:
-Жәбірленуші Баян Есентаева өзінің бұрынғы күйеуін, яғни, Бақытбек Есентаевты кешіріп, бас бостандығынан айырмау шарасын өтінді. Бұл әр әйел адамның қолынан келе бермейді. Дұрыс позиция деп түсінем. Өйткені, ортақ балалары бар. Олардың болашағы бар деген сияқты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!