Мектепте хиджап пен қысқа балақ шалбар киюге түбегейлі тыйым салынды
Бүгін діни киімге қатысты дауға да соңғы нүкте қойылды. Бұдан-былай білім ордаларында хиджап пен қысқа балақ шалбар киюге заңмен тыйым салынып отыр. Мектеп формасына қатысты жаңа талаптарды бекіткен Білім министрлігі оқушы оқушы құсап жүруі керек дейді.
Автор: Досжан Маратұлы
19.10.2016
Яғни, мектеп киімінде оқушының діни көзқарасын көрсететін нышандар болмауы керек. Әділет министрлігі де, еліміздің конституциясын ақтарып, осындай шешімге келген. Оның үстіне мектеп талабы да діни киім киюге рұқсат бермейді. Ереже бойынша, форма классикалық стильде және бірыңғай болуы тиіс. Ұл-қыздардың жас ерекшеліктеріне қарай тігілетін форма әдеттегідей, күнделікті сабаққа, салтанатты шараларда және дене шынықтыру пәні кезінде кию үшін үш түрге бөлінген. Егер оқушылар ереже бұзса Білім министрлігіндегілер тиісті шара қолданамыз деп отыр.
Эльмира Суханбердиева, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:
-Егер оқушы ережеге бағынбай діни киім киіп келсе, оны әрине мектептен қумаймыз. Бірақ, сабаққа кіргізілмейді. Ата-анасын шақыртып, талапқа бағынуын сұраймыз. Өйткені ереже бәріне ортақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!