{metadescription}
Тұңғыш президент қоры жас ғалымдардың басын қосты
Тұңғыш президент қоры жас ғалымдардың басын қосты

Тұңғыш президент қоры жас ғалымдардың басын қосты

Алматыда «Инновациялық даму және заманауи Қазақстандағы ғылымның қажеттігі» атты оныншы халықаралық ғылыми конференция өтуде. Бүгін Тұңғыш президент қорына алыс және жақын шетелден жүздеген ғалым келіп, ойларын ортаға салды.

Конференция ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып отыр. Шетелдік ғалымдар отандық мамандармен өз тәжірибесін бөлісті. Негізінен Қазақстан мен Беларусьтің Еуразиялық одақ құрамындағы экономикалық ілгерілеуі тілге тиек етілген. Бұл орайда экономистер тауар айналымын жақсартуға септігін тигізетін ұсыныстарын ортаға салды. Конференция барысында сондай-ақ ғылыми сессиялар, шеберлік сабақтары мен дөңгелек үстелдер өтпек.

Шухрат Мұхаммедов, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент :

– Тұңғы президент қоры үнемі Қазақстандағы жас ғалымдарға қол ұшын созып, оларды демеп келеді. Белсенді жастар біздің болашағымыздың кепілі. Олардың ертеңгі өзгерістерге дайын болғаны дұрыс. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде