{metadescription}
Атырауда кәріз сулары мен нәжіс сорғызатын көлік жүргізушілері наразылық білдірді
Атырауда кәріз сулары мен нәжіс сорғызатын көлік жүргізушілері наразылық білдірді

Атырауда кәріз сулары мен нәжіс сорғызатын көлік жүргізушілері наразылық білдірді

Өйткені жекеменшік ассенизаторларға қала ішінде қалдықты төгуге тиым салынып, бірнеше шақырым жерден орын бөлініпті. Онда жолсызбен жету мүлдем мүмкін емес дейді олар. Ал әкімдікке қарасты су соратын көліктер мұндай қиыншылықтан ада екен. Қаланы су басқанда бұларды құлша жұмсайтын жергілікті билік кейін сөздерін құлаққа ілмейтін көрінеді. 

Тіпті кейбірі сол кезде көрсеткен көмектері үшін тиесілі тиын-тебенін де ала алмай жүр. Одан үмітті де емеспіз деген 50-ге тарта жүргізушіні қазір көтерілген тариф пен жолдың жоқтығы қинап тұр. Яғни шағын ассенизатор әр төгіндісі үшін 600, ал үлкендері 1800 теңге төлейтін көрінеді. Оның үстіне қаладан 35-40 шақырым қашықтықтағы лас су төгетін жерге жолсызбен жету қажытып жіберген. Енді қызмет құнын өсіруден басқа амал жоқ.

Фарид Әбішев, ассенизатор жүргізушісі:

-Бәріміз де нан жегіміз келеді. Тамақ ішкіміз келеді. Киінгіміз келеді. Біз амалсыздан аламыз да бағаны көтереміз.  Халық  жылап-жылап азар береді ақшасын . Немесе қарғап кетеді.

Бұдан былай қала ішінде қалдық төккені үшін жеке ассенизаторларға  43 мың теңге айыппұл салынады. Бірақ әкімдікке қарасты мұндай көліктерге кедергі жоқ көрінеді.

Ержан Ыбыраев, жеке кәсіпкер:

-«Водоканалдың» машинасы қаланың ішіне төгіп жатыр. Әкімге де айттық.

Жүргізушілер арызданып әкімдікке барған. Ондағылар шалғайдағы қалдық төгетін орынға биыл жол салынбайтынын ашып айты.

Серікбай Қазиев, Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы:

-3 шақырымдай жол, 286 миллионға шығады.  Күн салқын.  Жол биыл салынбайды деп отырмыз. Келесі  жылы міндетті түрде бұл жол салынады.

Ал коммуналдық көліктерге көрсетіліп отырған жалпақшешейлікке қатысты әкімдіктегілер жауап беруден бас тартты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде