{metadescription}
Ақтөбеде жүздеген тұрғын жаңадан сатып алған пәтерлеріне кіре алмай жылап жүр
Ақтөбеде жүздеген тұрғын жаңадан сатып алған пәтерлеріне кіре алмай жылап жүр

Ақтөбеде жүздеген тұрғын жаңадан сатып алған пәтерлеріне кіре алмай жылап жүр

Ақтөбеде жүздеген тұрғын өз баспаналарына иелік ете алмай отыр. Өйткені құзырлы органдар жаңадан салынған көпқабатты 10 үйде тұратын кешеннің құжаттарын бұғаттап тастаған. Құрылысты жүргізген компанияға қатысты тергеу басталған соң тәртіп сақшылары осындай қадамға барыпты. Ал маңдай термен тапқан ақшаларына пәтер сатып алған қарапайым халық бұл іске өздерінің қандай қатысы барын білмей дал.

«Юни сити» деп аталатын бұл кешеннің орталығында күнде жиын. Қолтықтарына құжатын қыстырған жұрт сатып алған пәтерлеріне өздері иелік ете алмай абдырап жүр. Өйткені сол маңдағы көп қабатты он үйді салған құрылыс компаниясына қатысты тергеу басталыпты. Соған байланысты құзырлы органдар кешеннің жер учаскесінен бастап, сондағы пәтерлерге дейін бұғаттап тастаған. Енді тұрғындар басы іске шатылған кәсіпкердің кесірінен шаңырағымыздан айрылып қаламыз ба деп алаңдайды.

Светлана Әжібекова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Құжаттарым түгел. Тіркеуге де тұрып алдық 700 пәтер бар. Бәленбай адам қаңғып қалады. Соны Үкімет қарасын. Біздерді қаңғытып қоймасын.

Мұндағы он үйдің жетеуінде адамдар екі жыл бұрын қоныстанған. Құжаттары қолдарында. Бірақ пәтерін сатып немесе құжат рәсімдеуге тыйым салынған. Ал құрылысы жаңа біткен үш үйдің пәтер иелеріне табалдырығын аттауға рұқсат жоқ.

Айнұр Әлиева, Ақтөбе қаласының тұрғыны: 

-Құжатты рәсімдеуге барсақ, бұғат тұр. Енді қолымызда ақшамыз жоқ. Ақшамызды қайтар десек қайтармайды. Далада қалып қоямыз ба деп қорқамыз.

Ішкі істер департаментіндегілер кәсіпкерлердің қылмысы үшін қарапайым тұрғындардың пәтерлеріне неліктен шектеу қойғанын түсіндіріп бере алмады. Тек жиналған халықты тарату үшін инспекторларын жұмсапты. Тұрғындар жаппай үйлерін даулап прокуратураға да арыз жазған. Бірақ ол жақтан да әзірге еш хабар жоқ.     

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде