{metadescription}
0:000:00
Елімізде шетелде қалып қойған туристерді қайтару үшін арнайы қор құрылды

Елімізде шетелде қалып қойған туристерді қайтару үшін арнайы қор құрылды

Қыдыруға баратын еліміздің туристері енді шет елде тінтіремейтін болды! Үкімет туроператорларға алданып немесе оқыс жағдайда жат жерде қалып қойған отандастарымызды елге жылдам қайтару үшін арнайы қор құрып жатыр.

Қор кәдімгі сақтандыру компаниясының рөлін атқарады. Яғни, барлық турагенттіктер шетелге демалуға шыққан әр клиенті үшін осы қорға мың теңгеден ақша аударып тұрады. Сонымен қатар кепілдік ретінде екінші дейгейлі банктерден шот ашып, 10 миллион теңге салып қоюға міндетті. Сөйтіп, шет елде саяхаттап жүрген отандастарымыз алда жалда туроператорға алданып, немесе оқыс жағдай бола қалса осы қор туристерді елге қайтарумен айналысады. Сөйтіп Инвестиция және даму министрлігі бұл саладағы бітпейтін жанжалдарды болдырмауға тырыспақ. Сондықтан  министрлік турагенттіктер мен операторларды осы қормен келісім-шартқа отыруға міндеттеп жатыр. Бұл шаруаға 10 тәулік уақыт берілген.

Марат Иғали, ҚР Инвеститция және даму министрлігінің департамент директоры:

-Азаматтар қалып жатса шет елде Түркияда мысалы, арнайы шотқа  ақша алынады. Сол ақша арқылы туристерді шығарамыз. Бірақ, қор ең алдымен санап шығады қанша керек екенін, сосын Инвеститция және даму министрлігімен келісім алынады. Сосын туристерді шығарамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде