Семейде екі адам гараж тонап жатқан жерінен қолға түсті
Қылмыс орнында кісенделген олардан аккумулятор, дәнекерлеуші апараттар, дөңгелек сияқты саймандар тәркіленген. Қазір өздері екі ай бойы кімнен не ұрлағандарын естеріне түсіре алмай абақтыда отыр.
Автор: Ұлан Нұрахмет
21.10.2016
22 жастағы жігіттердің екеуі де жергілікті тұрғындар. Олар кәмлеттік жасқа толмай тұрып-ақ, полицияда нашар тәртіптері үшін тіркеуде болған. Ақыры ұрлық жасағандары үшін түрмеде отырып шығыпты. Бірақ сол күйі сабақ алмаған сыңайлы. Ауладағы көліктер мен гараждардың есігін бұзып ашып, сатуға жарайтын құрал-саймандарды әкетіп отырған. Әбден машықтанғандары соншалық, дабыл қондырғысы орнатылған көліктің өзін дыбысын шығармай ашып жүріпті. Тіпті төрт дөңгелегін сыпырып, машинаны жер бауырлатып кетуді де толық меңгерген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!