{metadescription}
БҚО-да үш ауылдың халқы  жылусыз отыр
БҚО-да үш ауылдың халқы  жылусыз отыр

БҚО-да үш ауылдың халқы жылусыз отыр

Батыс Қазақстан облысында үш ауылдың тұрғындары күн суықта бүрсеңдеп отыр. Мұндағы үйлерден бөлек, әлеуметтік маңызы бар мектеп пен балабақшаға әлі жылу берілмеген. Өйткені елді-мекенге биыл газ құбыры тартылыпты. Бірақ құжаттың уақытылы рәсімделмеуінен көгілдір отынның игілін халық көрмей отыр.

-Қойнаулы байлыққа толы Қазақстанда жылусыз отырмыз. Масқара!

Суық түскелі Бұлан ауылының тұрғындарының мазасы қашқан. Өйткені, газ құбыры жүргізілгенде мұндағылар пештерін қиратып тастаған еді. Күл шығарып, тезек жағудан құталымыз деген ойлары орындалар емес.

Кәмила Ғалиева, Бұлан ауылының тұрғыны:

- Бала-шаға ауру. Жөтел. Өз үйімде газ да жоқ, пеш те жоқ. Мен газға төлейтін ақшамды төлеп болдым. 2015-ші жылы   толық 220 мың өткіздім.

Ауыл мектебіндегі оқушылардың өзі жылудың жоқтығынан сабақта күртешемен отыруға мәжбүр. Сондықтан білім ошағының басшылары дәріс уақытын азайытыпты.

Айнұр Нұрғалиева, мектеп директорының орынбасары:

-Іс-құжатының дайын еместігінен болып отыр. Сондықтан жылу берілмей отыр. 3-4 сабақтан оқытып отырмыз.  

Құжаттың уақытылы рәсімделмеуінен ауылға газ берілмей отыр екен. Мұны жергілікті шенеуніктер де мойындады. Енді көгілдір отын таратын компаниядан рұқсат келсе мәселенің шешілетінін айтады.

Тарас Ихсанов, Бұлан ауылдық аймағының әкімі:

- 1-2 күнде қосылады деген ойдамыз.

Бұлан ауылынан бөлек Қызылағаш пен Жамбылдың да тұрғындары әкімдерден күнде осындай уәде етіп келе жатқандарын айтады. Ала жаздай ай қараған оларға өкпелері қара қазандай. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде