{metadescription}
Назарбаев күтпеген жерден имиджін өзгертті
Назарбаев күтпеген жерден имиджін өзгертті

Назарбаев күтпеген жерден имиджін өзгертті

Сырқатынан жазылған Назарбаев шетелдік іссапарын Біріккен Араб Әмірлігінен бастады. Арқаның қысын уақытша аптап ыстыққа алмастырған Қазақстан президенті бүгін Абу-Дабидің тақ мұрагерімен келіссөз өткізді.

Классикадан бас тартып, ерекше киім үлгісімен тәнті еткен Назарбаев Дубайға көк түсті бешпет киіп барды. Тағы бір назар аудартқаны Елбасы өзімен бірге Кәрім Мәсімовті ерте келіпті. Әдетте, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы ресми делегацияға кірмейтінін ескерсек, Абу-Дабидің тақ мұрагерімен нақты екі ел арасындағы қауіпсіздік жайы да тереңірек қозғалған сыңайлы. Оның үстіне ханзада Мұхаммед бен Заид Әл Наһаян Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысының орынбасары екенін айта кетейік. Ал Назарбаев пен тақ мұрагері байланысты жандандырып алыс-берісті ұлғайтуға уағдаласты. Айта кетсек, осы арабтар  Астанада  әйгілі "Әбу-Даби Плаза" кешенін салып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде