{metadescription}
Құлсары қаласының әкіміне алданған жұрт  оның кабинетіне басып кірді
Құлсары қаласының әкіміне алданған жұрт  оның кабинетіне басып кірді

Құлсары қаласының әкіміне алданған жұрт оның кабинетіне басып кірді

Атырау облысында шенеунік кәсіп ашпақ боп келгенге дәретханаға жол сілтеген! Құлсары әкімі Шәкір Кейкиннің осындай дөрекіліктерінен мезі болған жұрт шу көтеріп жатыр. Айтуларынша, атқамінер басқа жер беремін деп бұлардың өтімді аудандардағы учаскелерін тартып алыпты. Ал абайсызда әкімнің қайынатасының үйінің маңында дүкеннің іргетасын құйған кәсіпкер қорыққаннан оны бұзып тастаған.

Құлсарылық бірнеше кәсіпкер әкіммен арадағы бітіспес даудан әбден мезі болған. Айтуларынша, қала әкімі Шәкір Кейкин билігін пайдаланып, ойына келгенін істеуде. Іңкәр Шынашева кәсібін ашу үшін жер телімін алғанына 10 жылдан асса да, әлі күнге дейін түк тындырмапты. Өйткені учаскесі әкімнің қайынатасының үйінің маңында.

Іңкәр Шынашева, Құлсары қаласының тұрғыны:

-Қазіргі таңда жер бос тұр. Құжаты бәрі қолымда,бермей отыр.  Сонда заң қайда? Атамның жері мына жақтан қақпаны шығарам  деп анық айтты.

Дүкен ашып, дүрілдеймін деген Алмагүл Сейсенованың да жағдайы осы. Оған сенсек, орталық көшеден алған жер телімін қала әкімі өзге аумақтан беремін деп қайтып алыпты. Бірақ арада 8 жыл өткенімен ол да құжаттарын құшақтап әлі жүр.

Алмагүл Сейсенова, Құлсары қаласының тұрғыны:

-Жайсаңбаевтың кезінде алғанмын. Сол жерді енді бертін келе осы Шәкір Кейкин деген мырза қайтып алып алды.  Басқа жерден жер беремін деп. Арызымды жазам, маған  бермейді. Алдап отыр.

Бума-бума жарамсыз қағаз жинаған тұрғындар Құлсарыда жетіп артылады. Соттасқанымен де пайда жоқ. Ашу-ызаға булыққан кәсіпкерлер өздерін қабылдаудан қашып жүрген әкімге тілшілермен бірге кіріп, айқайдың астына алды.

Іңкәр Шынашева, Құлсары қаласының тұрғыны:

-Мен қолыма ұстап тұрғанда мына құжатты шошаңдата бермеңіз, қарындас дедіңіз ғой. Дәретханаға барып, сүртіп тастаңыз дедіңіз.

-Аяғым ауыр келіншекпін, ішімде балам бар!

-Қарындасым, сіз  жала жаппаңыз!

Шенеунік мұның бәрі өзіне дейінгі басшылардың былығы екенін айтып, ақталмақ болды.

Шәкір Кейкин, Құлсары қаласының әкімі:

-Мәселені шешіп беремін деп түбегейлі айта алмаймын. Оған дейін кәсіпкерлік мақсаттағы жерлердің барлығына келісім алатын бөлімдер бар. 

Кәсіпкер атана алмай жүргендер облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың атына арыз жолдапты. Одан нәтиже болмаса, Астанаға жолға шыққалы отыр

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде