{metadescription}
0:000:00
Ақтөбелік террористердің соты енді тергеу изоляторында өтеді

Ақтөбелік террористердің соты енді тергеу изоляторында өтеді

Лаңкестерге қарсы тағы бір ауқымды сот ісі Ақтөбеде жүріп жатыр. Процесс мұнда да жабық өтуде. Өйткені ол жерде мемлекеттік құпия ақпараттар айтылады екен. Маңайына ешкімді жолатпай жатқан ғимаратқа тек куәгерлер мен жәбірленушілер тізіммен кіргізіледі. Ал лаңкесттік оқиғаға қатысы бар 29 сотталушының әр қайсысының жеке адвокаттары бар.

-Таң атысымен сотталушыларды арнайы көлікпен осында жеткізген. Оларды тексеріп, келген куәгерлерді түгендеуге бір сағаттай уақыт кетті. Процесске кедергі келтіретін жағдай болмаған. Сондықтан судья жауап алуға кірісіп кетіпті.

Сот ғимараты орналасқан көше жабылып, көлік қатынасы тоқтатылды. Маңайды қоршауға алған тәртіп сақшыларының бұл жолы қарасы қалың. Өйткені күннің суықтығына байланысты сағат сайын ауысып кезекшілік атқаруда. Сот төрағасының шешімі бойынша отырысқа сырттан ешкім кіре алмайды. Өйткені онда мемлекеттік құпия ақпарат айтылады екен.

Илиада Досова, Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы:

-Алдын- ала тыңдауда сот мемлекеттік айыптаушының пікірін ескеріп, жәбірленушінің, куәнің немесе іске қатысатын басқа да адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекеттік құпияларды қорғау мақсатында қылмыстық істі жабық сот отырысында қарауға қаулы етті.

Қазір 29 сотталушының құқығын 27 адвокат қорғап жатыр. Ең ауыр айып жаздағы атыс кезінде тірі қалған 9 содырға тағылған. Қалған 20 сыбайласы қылмыстық жасырғаны үшін 6 жылға дейін бостандығынан айрылуы мүмкін. Айыпталушылардың барлығы дерлік бұрын базарда ұялы телефон сатқан екен. Мұндай кәсіппен айналысатын әсіредіншілерді тәртіп сақшылары әлі ұстап жатыр.

Алдын ала тыңдалым кезінде сотталушылардың туыстары соттың ашық өткенін талап еткен еді. Бірақ бұл жолы олардың ешбірін көре алмадық. Ал содырларға қатысты сот отырысы үнемі бұл ғимаратта өте бермейді. Алдағы күндері процесті абақтыда жалғастыруды жоспарлап отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде