{metadescription}
Алматыда «Шимай-шатпақ» атты жаңа кітаптың тұсаукесері өтті
Алматыда «Шимай-шатпақ» атты жаңа кітаптың тұсаукесері өтті

Алматыда «Шимай-шатпақ» атты жаңа кітаптың тұсаукесері өтті

Балаларға базарлық! Бүгін Алматыда «Шимай-шатпақ» атты жаңа кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Тұмар Мөкешованың тырнақалды туындысы негізінен мектеп жасындағы оқушыларға арналған.

Онда автор Шимай-Шимай деген кейіпкерді оқиға желісіне арқау етіп алған. Осылайша Тұмар Мөкешованың ұлы салған түсініксіз шимай-шатпақ суреттер ертегі кейіпкеріне айналып, балаларға тарту етілді. Үш мың данамен таралған кітап «Алтын қалам» әдеби байқауының аясында жарыққа шығып отыр.

Тұмар Мөкешова, «Шимай-шатпақ» кітабының авторы:

-Бұл кітаптың шығатынын білген жоқпын. Жинақ болып үйде жеті жыл жатты. Одан кейін «Алтын қалам» байқауы дегенді көргеннен кейін осы шығармамды жіберіп көргем. Сол жерден «Аруна» баспасы таңдап алып шығарып отыр екен бүгін өте қуанып тұрмын. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде