Назарбаев Мұхаммед Пайғамбар жерленген мешітте намазға жығылды
Назарбаев пайғамбар мешітінде намазға жығылды. Сауд Арабиясына ресми сапармен барған Елбасы алдымен Мәдина қаласына арнайы аялдады.
Автор: Ербол Сейілхан
25.10.2016
Президент осындағы Мұхаммед Пайғамбар мешітін асықпай аралап, дұға қылды. Кейін Мәжит ан-Набауи мешітіне бас сұғып Алла үйінің ерекше сәулетімен танысты. Қасиетті мекенде дұға қылған соң Қазақстан президентінің ұшағы Сауд Арабиясы Корольдігінің астанасы Эр-Риядқа қонды. Бұнда Елбасы Король Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен келіссөз өткізіп, араб кәсіпкерлерін индустрияландыру мен Қазақстанда жекешелендіруге қойылған зауыт, фабрика мен ғимараттарды сатып алуға шақырды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!