Алматыдағы теракт: Судья Күлікбаевты сот залынан қуып шықты
Алматыда қанды қырғын салған Руслан Күлікбаев қиқар мінезін қояр емес. Бүгін судьяның ескертуіне кезекті рет құлақ аспаған айыпталушы ақыры сот залынан қуылды.
Автор: Диас Нұрақын
25.10.2016
-Сол қатарда отырыңыз. Күлікбаев тұрыңыз. Тәртіпті бұзғаны үшін сотталушы сот залынан шығарылады.
Алайда сот отырысы мұнымен тоқтап қалған жоқ. Басты күдікті болмаса да, судья Алматыдағы атысты көзбен көрген куәгерлерден жауап алып, мән-жайды анықтады. Барлығы да қару ұстап қала кезген Руслан Күлікбаевтың жасаған қылмысын жіпке тізгендей айтып берді. Ал лаңкестің адвокаты болса сотты сыйламаған Руслан Күлікбаевтың әрекетін денсаулығымен байланыстырып отыр. Айтуынша, қорғауындағы азамат жарақатынан толық жазылмаған. Сондықтан судьяның сұрағына тұрып жауап бере алмайды дейді Ғабит Құсайынов.
Ғабит Құсайынов, Руслан Күлікбаевтың адвокаты:
-Операциядан кейін тұрып-отыруы қиын. Өзі осылай деді маған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!