{metadescription}
Қазақстан Ресейдің еті мен сүтін тасымалдауға тыйым салды
Қазақстан Ресейдің еті мен сүтін тасымалдауға тыйым салды

Қазақстан Ресейдің еті мен сүтін тасымалдауға тыйым салды

Қазақстан ең негізгі одақтасы Ресейден келетін өнімдерге  уақытша тыйым салды. Онсызда дүкен сөрелерінде толып тұрған орыстың   еті мен сүтін отандастарымыз әзірше тұтына алмайды.

Себебі Ресейдің Владимир облысындағы шаруа қожалықтарында қауіпті аусыл дерті тараған.  Ондағы 800 малдың 400-і сауын сиыр екен. Ауру жұқтырғаны дәлелденген 100 бас мал дереу сойылып көзі жойылыпты. Індет  ошағы қоршауға алынып эпидимиологтар залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал ауру малдың еті Қазақстанға өтіп кетпесі үшін шекарада қадағалау күшейіп, ветеринарлар күні-түні кезекшілікте. Сондай-ақ, дүкен мен базарлардағы Ресейден жеткен сүт пен еттің сапасы да жіті тексерілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.