{metadescription}
0:000:00
Алматы облысында зейнеткерді өлтіріп алды деп айыпталған дәрігерлер енді сөзінен тайқып отыр

Алматы облысында зейнеткерді өлтіріп алды деп айыпталған дәрігерлер енді сөзінен тайқып отыр

Алматы облысында жөтелмен барған зейнеткерді өлтіріп алды деп айыпталған дәрігерлер енді «оған мүлде тиіспедік» деп тайқып отыр. Емханадағылар науқасқа тіпті екпенің салынғанын да теріске шығарды. Олардың айтуынша, Александр Сивак амбулаторияға кірген бойда өзінен өзі қайтыс болыпты. Мұны естіп, марқұмның жесірі төбесінен жай түскендей болып отыр. Күйеуіне дәрі берілгенін өз көзімен көрген әйелдің ендігі үміті тәуелсіз сарапшыларда.                      

Күйеуінің жөтелін көрсетуге барып, сол күні емханадан жесір оралған әйелдің тергеуден мүлдем көңілі қалған. Өйткені істі бастан-аяқ өзгертіп жіберіпті. О баста «екпе салынды» делінген Александр Сивакқа төрт айдан кейін дәрігерлер мүлдем тиіспеген, ал марқұм емханаға кіргенде өзі өлген боп шықты.   

Надежда Сивак, марқұмның жесірі:

-Бұл барып тұрған өтірік! Дәрігерлер мүлдем ине салмадық деп отыр. Тергеуге тіпті науқасқа тиіспедік деп те жалған куәлік берген. Мен оның қасында болдым ғой. Медбике менің көзімше оны қабылдап, ем-домын жасады. Жамбасына ине салды.

Сот сараптамасы да дәрігерлердің сөзін растап берді. Олардың ұйғарымы бойынша, Александр Сивактың қабылдауға кіргелі тұрғанда аяқасты жүрек талмасы ұстап қалыпты. Мұны естіген жесірінің өзі ауырып қалды. Қарттың екі аяғы да жүрмей қалған. Негізі, зейнеткер дәрігердің күйеуіне ем жасағанын өз көзімен көрген. Бірақ, емханаға комиссия жіберіп тексерткендер әріптестеріне шаң жуытпай, науқастың өзі жазатайым өлген деп отыр.    

Бекзат Алпамышева, Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:

-Науқас жүрек қан тамырлары жүйесі ауруларынан, созылмалы ауру әсерінен қайтыс болған. Бірнеше  жылдан бері  ауырады. Науқасқа укол салынбады.

Десе де, бастапқы диагноз сырқат иненің әсерінен кеткен делінген. Өйкені, екпедегі дәрі өкпеге ауыр тиген екен. Енді ол иненің салынғанының өзі жоққа шығарылып отыр. Осы іске қатысы бар қос дәрігер де ақыры жұмыстан кетіп тынған. Амбулатория басшысы зейнет жасына шығуына байланысты кетсе, ал екпені салды делінген медбике өз еркімен жұмыстан босатылған. Ал Сивактың жесірі кінәлілердің жеңіл құтылғанына күйінеді.             

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде