Атамбаев Үкіметті тағы отставкаға жіберді
Қырғызстан үкіметі отставкаға жіберілді! Ел президенті Алмасбек Атамбаев бүгін осындай жарлыққа қол қойды. Бұған басқарушы коалицияның ыдырауы себеп болыпты.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
26.10.2016
Яғни, социал-демократиялық партия осы дүйсенбіде коалиция құрамынан шыққан. Саяси ұйым Конституциялық референдум өткізу мәселесі жөніндегі фракцияның құрамына кіретін «Қырғызстан», «Өнүгүү Прогресс», «Атамекен» партияларымен келіспей қалыпты. Яғни Конституцияға өзгеріс енгізу мәселесі бойынша ымыраға келе алмаған. Ал Қырғызстан Конституциясы бойынша, коалиция құрамынан бір партия шықса, ол таратылады. Оны жасақтаған үкімет те отставкаға кетеді. Сондықтан бүгін «Тұрақтылық, сенім және жаңа мүмкіндіктер» деп аталған коалицияның ыдырағаны ресми түрде жария етілді. Отставкаға жіберілген үкімет басшылары мен мүшелері жаңа құрам жасақталғаннан кейін ғана қызметтен кетеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!