{metadescription}
0:000:00
 Еліміздің бірнеше облысында көктайғақтан жолдағы қозғалыс қиындап кетті

Еліміздің бірнеше облысында көктайғақтан жолдағы қозғалыс қиындап кетті

Қолайсыз ауа-райы еліміздің тұрғындарын әбден әбігерге салуда. Алғашқы қар мен көктайғақтан, әсіресе, көлік жүргізушілері зардап шекті. Мәселен, Алматыдағы шығыс айналма жолында бір мезетте отыз шақты көлік соқтығысып қалды. Сондай-ақ, Семей қаласы мен Павлодар, Ақмола облыстарында да жол апаты жиілеген.

Алғашқы қар алматылықтарды аяп жатқан жоқ. Қылаулап түскен қырбақтан, әсіресе, көлік жүргізушілері көресіні көруде. Мәселен, мына видео түнде шығыс айналма жолының бойында түсірілген. Куәгерлердің айтуынша, мұз үстінде сырғанаған отыз шақты көлік бір-бірімен соқтығысыпты. 

Ал Семейде күн тіпті суық. Қалаға тобықтан жоғары қар түсіп, жүріп-тұру қиындаған. Әсіресе қыстық доңғалақтарын салып үлгермеген жүргізушілер кібіртіктеп қалды. Ауруханаға науқас алып бара жатқан жедел жәрдем көлігі де қолайсыз ауа райының кесірінен апатқа ұшырады. Құдай сақтап, ешкім қатты зардап шекпеген.

Елубек Оспанов, Семей қалалық ІІБ баспасөз хатшысы:

-Жедел жәрдем көлігі Нивамен соқтығысқан. Апат салдарынан жедел-жәрдем  жүргізушісі жеңіл жарақат алды. Қазір кінәлі азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Ал павлодарлық құтқарушылар қыс түспей жатып қауырт жұмысқа кірісіп кетті. Кеше түнде Ақсу ауданында Өзбекстан азаматтары мінген жолаушылар автобусы орта жолда бұзылып қалған. Сондықтан төтенше жағдайлар қызметі жедел түрде 79 азаматты жылы жерге жеткізді. Ал Ақмола облысында қалааралық автобус тайғақта, жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалып, жол жиегіне шығып кеткен. Осы оқиға салдарынан 12 адам ауруханаға түсті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде