Әскерде болу мерзімін ұзартуға қатысты Қорғаныс министрі мәлімдеме жасады
Елімізде отан алдындағы борышты өтеу мерзімі ұзартылмайтын болды. Бұған дейін әскерде болуды қайта 2 жылға ұлғайту мәселесі қоғамда үлкен қызу пікірталас тудырған. Бүгін бұл тақырыпқа Қорғаныс министрінің өзі де араласып, қару ұстап үйренуге 1 жыл жеткілікті деп турасын айтты.
Автор: Жәудір Оразхан
26.10.2016
Сәкен Жасұзақов, ҚР Қорғаныс министрі:
-Қорғаныс министрлігі бұл мәселені мүлдем қарап жатқан жоқ. Қазір жігіттер әскерде 1 жыл болады. Осы жеткілікті, оны өзгертудің қажеті жоқ. Жалпы, әскерилердің 70 пайызы келісім-шартпен жұмыс істеп жүргендер. Қарулы күштер сапында 18 мыңнан астам офицер бар.
Ал 2 жылдықты қолдағандар әскерде келісім-шартпен жүргендердің тым көптігін алға тартқан. Тіпті оларға жалақы, тұратын баспанасының шығыны қазынадан төленетіндіктен бюджетке ауыр салмақ салыпты. Есесіне, жыл сайын 24 мыңнан астам мектеп түлегі университет пен колледжге түсе алмай, сандалып бос жүр. Осы бозбалаларды казармаға жіберіп мамандық алуға мүмкіндік туғызу жайы көзделген. Оның үстіне, әскери билеті болса жұмысқа орналасуы жеңілірек болады. Алайда, бұндай ұсынысқа қарсы шыққан Қорғаныс министрі қалыптасқан жүйені өзгертуден бас тартып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!