Қазақстаннан қашқан шенеунік пен алаяқтар енді Сауд Арабиясында тығыла алмайды
Себебі Астана мен Эр-Рияд қылмыс жасады деп күдікке ілінген азаматтарды қайтару туралы мемлекетаралық келісімге қол қойды. Бұдан-бөлек, екі күннің ішінде Назарбаев елге 60 миллиард теңгеге жететін инвестиция алып келді.
Автор: Ербол Сейілхан
26.10.2016
Сондай-ақ, сапарының соңғы күнінде Елбасы Сауд-Арабиясының Королімен келіссөз жүргізді. Назарбаевты есік аузынан жеке өзі күтіп алған Салман бен Әбдел Әзиз Әл Сауд Қазақстанмен алыс-берісті жандандыруға мүдделі. Әсіресе,энергетика, ауыл-шаруашылығы мен тау-кен өндірісі саласында. Арабтардың ақшасына Оңтүстік Қазақстанда құс фабрикасы, Ақмола облысында азық-түлік өнімдерін шығаратын фабрика салынатын болды. Қазақстанды Сауд Арабиясының күн мен жел энергетикасын дамыту ісі қызықтырып отыр. Ал біздің еліміз сияқты экономикаларын қара алтыннан түскен пайдамен ұстап отырған Арабияның мұнай мен газ саласындағы реформаларынан да Астананың үйренері көп. Енді қол қойылған ондаған келісімнен кейін байланыстың жандана түсетініне тараптар сенімді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!