{metadescription}
0:000:00
Павлодарда өз қызын аяусыз сабаған келіншектің ақыл-есінің дұрыстығы тексерілуде

Павлодарда өз қызын аяусыз сабаған келіншектің ақыл-есінің дұрыстығы тексерілуде

Павлодарда өз қызын сабап, сол әрекетін видеоға түсірген 34 жастағы Нұргүл Докуованың ақыл-есінің дұрыстығын арнайы мамандар тексеруде. Ғаламторда тарап кеткен таспаны қатыгез әйел күйеуінен өш алу үшін түсіріпті. Сөйтіп, оны бұрынғы ата-енесіне жіберген. Соңы мұндай дауға ұласады деп ойламаған келіншек бүлдіршінге ыза үстінде қол көтергенін айтып ақталуда. Ал 3 жасар Айлин уақытша бейімдеу орталығына тапсырылды. Енді ол сот шешімі шыққанша сонда болады.

Ержан Касымов – Айлиннің әкесінің бауыры. Әке-шешесіне жіберген мына кадрларды көргенде өзін қоярға жер таппағанын айтады. Ал шырылдаған немересін көрген зейнеткерлердің тіпті жүрек талмасы ұстап қалыпты.

Ержан Қасымов, Айлиннің ағасы:

– Қыздың жылағанын көрген әкемнің жүрегі ұстап қалды. Айлиннің әкесі Ермұрат – менің туған ағам, қазір іссапарда жүр. Видеоны көре салысымен полицияға хабарласып, бірден солардың үйіне жеттім. Отбасымызбен баланы қауіпсіз жерге алып кету керек деп шештік.

Алайда қызды әкесінің туыстары тұрмақ, әкесінің өзінің де алып кетуге құқығы жоқ. Өйткені Айлин – некесіз туылған сәби. Бүлдіршінді шапалақпен ұрып, қала берді қылқындыра жаздаған таспаны көрген жұрт қыздың анасын қарғап-сілеп жатыр.

- Это все из-за твоей с**и ажеки! Кто ей дал права ходить в школу?Кто я тебе сказала?Иди сюда б*** мразь такая!

- Не трогай ее!

- Кто она такая?

- Видишь Ермурат все это из-за тебя, ты потому что блиндр всегда за свое!Теперь и страдай!Я ее защищаю а ты!

Нұргүл Докуованы іздеп тапқан полицейлер сотқа дейінгі тергеуді бастап кетті. 34 жастағы әйел бұл әрекетке азаматтық некедегі күйеуі мен оның ата-анасына өшіккеннен барғанын айтыпты.

Бибігүл Камзина, Павлодар облысы ІІД ювеналдық полиция бөлімінің бастығы:

- Азаматша бұл әрекетке бұрынғы күйеуімен ұрсысып, күйзеліске ұшыраған соң барғанын айтып түсіндіруде. Оқиға орнында болдық. Үй ішінің жағдайы жақсы. Әйелдің жағдайын қазір арнайы мамандар тексеруде. Ал бүлдіршін сот шешіміне дейін арнайы орталықта болады.

Бейімдеу орталығына жеткізілген 3 жасар Айлиннің жасқаншақтығы  болмаса, жағдайы жақсы. Ал бірінші күйеуінен туған мектеп жасындағы қызы анасының жанында қалды. Болған жәйтті түсіндіруді сұрамақ боп хабарласқанымызда келіншектің ашуы әлі басылмаған екен.

Нұргүл Докуова, Айлиннің анасы:

-Ештеңе айтпаймын. Тергеу жүріп жатыр ғой. Оны әлі дәлелдеу керек.

Нұргүл Докуованың өзі жергілікті мұнай зауытында жұмыс істейді. Ермұратпен бірнеше жыл азаматтық некеде тұрған ол Айлинді емізбейтінін айтып, кезінде қиғылық салыпты. Енді сол қызын шапалақтап, қылқындыра жаздағаны үшін 600 мың теңге айыппұл төлеп, 2 айға қамалуы мүмкін. Тіпті ата-аналық құқығынан да айырылуы ықтимал. Ал сот шешіміне дейін бүлдіршін арнайы орталықта болмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде