{metadescription}
0:000:00
Алматыда газ таппай көше кезген жүргізушілер шу шығарды

Алматыда газ таппай көше кезген жүргізушілер шу шығарды

Алматылық көлік жүргізушілері көгілдір отыннан тарығуда! Жанармай бекеттерінде 1 айдан бері сұйытылған газ сатылмай жатыр. Сондықтан, отынның осы түрімен жүретін көлік иелері автогаз таппай, көше кезіп жүр. Қаладағы кейбір бекеттер ғана көгілдір отынды талонмен үлестіреді. Бірақ оның өзі газдың кемі жарты тоннасын алғандарға ғана беріледі екен.

Бағасы шарықтап кеткен бензиннен қашып, көлігін газға ауыстырғандардың бірі – алматылық Қонай Ербай. Енді 1 айдан бері қолда бар ақшасына көгілдір отын таппай жүр. Жүргізуші газ іздеп, жанармай бекеттерінің арасын әбден тоздырған.

- Міне, газ іздеп жүрміз, қаланы таң атқаннан бастап.

Көгілдір отынмен жүретін көлік иелерінің бәрінде осындай жағдай. Бастапқыда жанармай бекеттерінде ұзын-сонар кезек байқалған. Қазір ол да жоқ. Себебі, бекеттерде сатылмайды. Қызметкерлер де мұның себебін ешкімге ашып айтпайды.

-Газ жоқ па?

-Газ жоқ.

-Қанша уақыт болды?

-Бір апта тағы болмайды.

Кейбір бекеттер ғана отынды талонмен үлестіреді. Бірақ, оның өзін алу қиямет-қайым. Яғни жүргізушілерді сұйытылған газдың кемі 500 литрін алуға мәжбүрлейді екен. Алайда көлік иелері бірден жарты тонна отын алу қалтамызға ауыр тиеді деп отыр.

Тілеубек Бекболат, көлік жүргізушісі:

-500 литрге дейін талонды бір-ақ алу керек болады. Енді, оны қалтамыз көтермейді. 500 литрге 35-40 мыңдай шығып кетеді. Бір рет 35-40 мыңға алмайсың ғой. Күнделікті 3-4 мыңға аласың.

Қаладан газ таппаған жүргізушілер облыстағы бекеттерді де аралаған. Бірақ онда да көгілдір отын берілмей жатыр. Сөйтсек, бұған Алматы қаласы мен облысын газбен қамтамасыз етуші зауытта болған апат себеп екен.

Асқар Жалдинов, ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз хатшысы:

-Павлодар мұнай химиялық зауытында  өткен жолы апат болды. Соған байланысты уақытысында керекті көлемде газ жеткізілмеген Алматы мен Алматы облысына. 1-ші  қарашадан бастап,Павлодардағы зауыт қайтадан іске қосылады.

Осылайша, министрліктегілер мәселе жақын арада шешіледі деп сендірді. Ал жүргізушілер мұны қымбатшылық алдындағы тапшылық па деп шошып отыр. Себебі, осы 1 айдың ішінде кейбір бекеттердегі газ бағасы айтарлықтай көтерілген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде