«ЭКСПО» кезінде Астанаға сотталғандар кіргізілмеуі мүмкін
Түрмеден жазасын өтеп шыққан террористер мен аса қауіпті қылмыскерлер Астанаға аяқ баса алмай қалуы мүмкін. Елорда әкімдігі «Экспо» кезінде қаланы сотталғандардан тазартуды ұсынды. Өйткені, бұрын істі болған содыр, адам өлтіріп, ұрлық жасаған қылмыскерлер бас шаһардың сәнін бұзады және сырттан келген қонақтар үшін аса қауіпті. Сондай-ақ, атқамінерлер Астанадағы «ЭКСПО» нысандары мен Абу-Даби-Плазаны салып жатқан Пәкістан, Сирия, Ирактың азаматтарын да тексеру қажет деп отыр. Теракт жиі болатын бұл елдердің тұрғындары отандастарымызға жат ағымды насихаттап, лаңкестік әрекетке...
Автор: Жәудір Оразхан
27.10.2016
ермелеуі мүмкін дейді шенеуніктер.
Халықаралық көрменің күні жақындаған сайын қауіпсіздікке тікелей жауапты ведомстволардың басшыларынан маза кеткен. Бүгін де Бас прокурор, Ішкі істер министрі мен Елорда әкімі жиналып, ЭКСПО кезінде Астанаға кімнің жүріп-тұруына рұқсат беретіндерін талқылады. Сонымен, келесі жылы түрмеде жазасын өтеп шыққан содыр немесе өзге де ауыр қылмыс жасағандар Елордаға кіре алмай қалуы мүмкін. Әкімдіктегілердің айтуынша, олар бостандыққа шыққан соң міндетті түрде қайта қылмыс жасайды. Әсіресе Астанаға қонақтар келіп жатқанда аса қауіпті екен.
Руслан Айтымов, Астана қаласы прокурорының көмекшісі:
-Экспо-ға дейін Астана қаласына 2 жарым мың бейнекамера орналастыру қарастырылуда. Бірінші кезекте қылмыс көп жасалатын аудандарға қойылады.
Шенеуніктер Астанада жүрген шетелдік жұмысшылардан да сескеніп отыр. Қазір «ЭКСПО», Абу-Даби-Плазанының құрылысын Пәкістан, Сирия, Ирактан келген азаматтар салуда. Екі күннің бірінде теракт болып жатқан бұл елдердің тұрғындары отандастарымызды жат ағымға жетелеп, лаңкестік әрекетке итермелеуі мүмкін. Сондықтан, құрылыс алаңдарында да жаппай тексеріс басталмақ. Тіпті Біріккен ұлттар ұйымынан арнайы сарапшылар келіп, Астанадағы қауіпсіздікті зерттеп, бағалайды екен.
Талғат Мусақанов, ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары:
-БҰҰ Астанаға үш сарапшыны жібермек. Олар келіп, жағдайды зерттейді және алғашқы сараптамадан кейін, екі аптадан соң тағы алты маман жібеді. Олар тоқтайтын қонақ үйге, жолына 11 миллион теңге керек. Бюджеттен ақша сұрап, Қаржы министріне хат жаздық.
Ал Астана әкімі таксистерге қатты шүйлігіп отыр. Вокзал, әуежай маңындағы, жалпы қала ішіндегі жолаушы тасып нәпақа тауып жүргендерді жаппай аттестациядан өткізіп, бір жүйеге салу қажет, - дейді Исекешев.
Әсет Исекешев, Астана қаласының әкімі:
-Мамырға дейін қаланы тіркеусіз жүрген адамдардан да тазарту керек. Өйткені Астанада қылмыстың 70 пайызын өңірлерден келген адамдар жасайды. Сондай-ақ, қазір қалада 9 мың пәтер ресми түрде тіркеліп, жалға берілуде. Ал 14 мың пәтерді жұрт заңсыз жалдап отыр.
Яғни, келесі жылы Астанаға кіріп-шығу қиындайды. Әр адамның жүріс-тұрысы жіті бақылауда болады деген сөз.
Сондай-ақ, келесі жылы мектеп, университеттердегі жаңа оқу маусымы да кеш басталуы мүмкін. Ішкі істер министрлігі халықаралық көрме аяқталғанша оқуды тоқтата тұруды сұрады. Өйткені, студенттерің әрқайсысы жеке көлікпен жүретіндіктен, қалада кептеліс болады екен. Оның үстіне астанаға өңірлерден мыңдаған еріктілер шақырылмақ. Оларға жатақхана керек болады. Ал ЭКСПО маусымнан басталып, үш ай бойы өтеді деп жоспарлануда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!