Алматы облысында заңсыз жолаушы тасымалдаушыларға тосқауыл болмай тұр
Осылай дабыл қаққан құқық қорғау орындарының өкілдері олармен күресті күшейткенімен, еш құжатсыз, тексерусіз адамды астыртын таситындар азаяр емес.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
28.10.2016
Биыл бір Алматының өзінде заңсыз жолаушы тасымалдаған 30 жағдай әшкереленген. Айласын асырып жүргендері де шаш етектен. Заңды пысқырмайтын жүргізушілер жолаушыларды облыстар арасында емін-еркін тасымалдап жүр. Тіпті, арасында шет елге қатынайтындары да бар. Ал, олардың мемлекетке бір тиын айыппұл төлемейтіні өз алдына, жүргізуші құжаттары да жоқ. Көліктері де талапқа сай емес. Соның кесірінен, жантүршігерлік апаттар жиі орын алып, жолаушылар ажал құшуда. Прокурорлар қанша күрескенімен, заңсыз жолаушы жинайтындарға тосқауыл бола алмай отыр. Себебі, мұндай жағдайда автобустар айыппұл арқалап, оңай сытылып кетеді.
Дархан Қапас, Жетісу көлік прокурорының орынбасары:
- Мына көлікті қолданатын біздің өзіміздің тұрғындар. Техникалық қараудан өтпеген көліктер, солармен жүрмеңіздер деп айтамыз. Қазір тыйым саламыз деп айта алмаймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!