{metadescription}
0:000:00
Бас прокурор Ақтөбе облысында радикалдардың неліктен көбейгенін түсіндірді

Бас прокурор Ақтөбе облысында радикалдардың неліктен көбейгенін түсіндірді

Ақтөбе облысында елордалық 200 өкілдің бір ай бойы не тындырғанын Бас прокурор айтып берді. Жақып Асанов аймақтағы әсіредіншілердің көбеюі себебін анықтау үшін тәртіп сақшылары, теологтар тіпті дәрігерлерді өзі бастап келген болатын.

Олар 7 топқа бөлініп ауыл-ауылды аралап шығыпты. Жат ағымның жетегінде кеткендермен кездесіп, оларды райынан қайтаруға барын салған көрінеді. Радикалдардың көбі бұрын сотталып, жұмыссыз жүргендер дейді Жақып Асанов. Сондай-ақ, қолына құран ұстамай-ақ құр уағызға елітіп кеткен жастарды солардың қатарына қосып отыр. Мұндай олқылыққа бірінші кезекте аймақтағы имамдардың сауатсызыдығы себеп болған. Өйткені облыстағы 61 имамның жартысы аттестациядан өте алмапты. Сондай-ақ, Бас прокурор биліктің де әсіредіншілердің тайраңдауына жол бергенін мойындады. Сондықтан бір ай бойы көрген-білгендерін Ақордаға жеткізіп, мәселені шешудің жолдарын ойластырмақ.

Жақып Асанов, ҚР Бас прокуроры:

-Осы айда заңдарымыздағы біраз кедергілерді байқадық. Сондықтан Астанаға келген соң заңдар мен экстремизмге қарсы бағытталған бағдарламаны өзгертпекпіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде