{metadescription}
0:000:00
Қорғаныс министрлігінде біраз былықтың беті ашылды

Қорғаныс министрлігінде біраз былықтың беті ашылды

Ел қорғайды деп сеніп жүрген әскерилер шетінен жемқор болып шығып жатыр. Биыл әсіресе парақор офицерлердің саны еселеп артқан. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі Қорғаныс министрлігін тексеріп, біраз былықтың бетін ашты.

Офицерлер көбіне әскери билет берерде немесе әскер қатарына шақырылған жігіттерді Отан алдындағы борышын өтеуге жібермей, үйде қалудыру үшін ауызбастырық сұрайды екен. Әскери-техникалық мектептің басшылары да оңып тұрған жоқ. Олар мемлекеттік сатып алу бойынша тендерді майшелпекке айналдырып алған. Ақтөбе, Атырау, Қостанай облысындағы қорғаныс ісі бойынша басқармалар қара тізімнің басында тұр. Мәселен, Көкшетауда басқарма басшысы подполковник Қуанышбек Қамалиев 60 мың теңге пара алды деп айыпталуда. Жалпы, соңғы 9 айдың ішінде 34 офицерге қатысты іс қозғалыпты. Жемқорлыққа қарсы агенттік Қорғаныс министрлігіне қатаң шара қолдануды және бақылауды күшейтуді ескертті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде