Елімізде бензин бағасы тағы көтерілді
Жүргізушілер жиі тұтынатын АИ-92-нің литрінің құны 2-3 теңгеге өскен.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
28.10.2016
Мұндай қымбатшылық еліміздегі барлық қалаларда байқалып отыр. Тіпті, кейбір жанармай бекеттеріндегі жанармай құны 4 теңгеге дейін өсіпті. Ал бұған дейін ең өтімді АИ-92 бензин маркасының литрі 125-128 теңгеден сатылып келген болатын. Дегенмен, бүгінгі өзгеріс жүргізушілерді таң қалдырған жоқ. Екі күннің бірінде өсетін бағаға олар үйренген де сыңайлы. Сондықтан таблодағы бағалары өзгерген бекеттерде де ешқандай дүрбелең байқалмайды. Айта кетсек, қазір Үкімет бензин құнын реттемейді. Жанармайдың бағасы былтыр еркін айналымға жіберілген болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!