Олимпиада алтынынан айырылған ауыр атлеттер енді басқа да жүлделерінен қағылуы мүмкін
Себебі, халықаралық олимпиада комитеті Светлана Подобедова, Майя Манеза және Зүлфия Чиншанлоның өзге жарыстардағы жеңістеріне де күмәнмен қарай бастады.
Автор: Диас Нұрақын
28.10.2016
Сондықтан еліміздің ауыр атлетика федерациясы енді тым құрығанда үш зілтеміршінің әлем және Азия біріншілігінде алған жүлделерін сақтап қалуға күш салуда. Ал Лондонда алған алтындары кері қайтарылатын болды. Бірақ зілтеміршілерге берілген қаржылай сыйақыны даулап жатқан ешкім жоқ. Қазір халықаралық олимпиада комитеті тағы бес зілтеміршіміздің мәселесін май шаммен қарап жатыр. Ол тізімде Илья Илин, Алмас Өтешов, Владимир Седов, Мария Грабовецкая және Ирина Некрасова бар. Оларға қатысты шешім алдағы уақытта шығады. Ал еліміздің ауыр атлетика федерациясындағылар допингпен ұсталған спортшыларды жарыстан шеттету мерзімдерін қысқартуға күш салып жатыр екен.
Димаш Сұлтанов, ҚР Ауыр атлетика федерациясының спорт жөніндегі директоры:
- ҚР Ауыр атлетика федерациясы таңдаған заңгерлер қазір үлкен жұмыс істеп жатыр. Заңгерлердің басты мақсаты спортшыларымыздың дүниежүзілік және Азия біріншілігінде жеткен нәтижелерін сақтап қалу және дисквалификация мерзімін қысқарту.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!