{metadescription}
Павлодарда анасынан оңбай таяқ жеген қыз әкесіне берілді
Павлодарда анасынан оңбай таяқ жеген қыз әкесіне берілді

Павлодарда анасынан оңбай таяқ жеген қыз әкесіне берілді

Павлодарда анасынан таяқ жеп, бейімдеу орталығынан бір-ақ шыққан 3 жасар Айлин бүгін үйіне жіберілді. Бірақ шешесінің қасына емес. Бүлдіршін енді әкесінің тәрбиесінде болмақ. 37 жастағы Ермұрат Қасымовтың ақыл-есі мен үй-ішінің дұрыстығына көз жеткізген комиссия қызды сот шешіміне дейін сонда қалдыруды шешіпті.

Үш күн арнайы орталықта болған кішкентай Айлин осылайша әкесі мен ата-әжесінің қасына кетті. Бүлдіршіннің денсаулығы мен көңіл-күйі жақсы дейді орталық мамандары. Тіпті, ол мекемедегі өзге балалар мен тәрбиешілерге бауыр басып та қалған. Естеріңізге салсақ, 3 жасар Айлинді аяусыз ұрып-соққан анасы бұл əрекетін камераға жазып, таспаны қыздың ата-әжесіне жіберген. Адуынды әйел осылайша бұрынғы күйеуінен өш алғысы келіпті. Бұл іске ыза үстінде бардым деп ақталғанымен, 34 жастағы Нұргүл Докуоваға қатысты қазір «балаға қатыгездік көрсету» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Егер сот айыпты деп тапса, ол 3 жасар Айлин түгілі, қазір ата-әжесінің қамқорлығына тапсырылған үлкен қызы – Айғанымнан да айырылуы мүмкін. Ал, қыздардың әкесі Ермұрат бұрынғы әйеліне қатысты сот тиісті шешімді қабылдайды деп сенеді.

Ермұрат Қасымов, Айлиннің əкесі:

- Мен үшін қазір ең бастысы - қызымның қауіпсіздігі. Анасы салған видеоны алғаш секундтан-ақ көре алмай жауып тастадым. Бірақ, бұрынғы əйеліме еш жамандық тілемеймін. Бəрін сот əділ шешеді деп сенемін. Балам үшін алаңдаған азаматтар енді қам жемесе болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде