{metadescription}
Сирияда билік әскері беймәлім улы газдан құлап жатыр
Сирияда билік әскері беймәлім улы газдан құлап жатыр

Сирияда билік әскері беймәлім улы газдан құлап жатыр

Сирияда билік әскері беймәлім улы газдан құлап жатыр. Алеппо қаласында бүлікшілермен соғысып жатқан 15 жауынгер уланып, ауруханаға түскен. Лаңкестер мен әскерилер енді улы газ таратты деп бір-бірін айыптап жатыр.

Оқиға Алеппоның билік әскерінің бақылауындағы аймағында болған. Жергілікті ауруханаға түскен 15 сарбаздың тыныс жолдарына зақым келген екен. Ондағы дәрігерлердің айтуынша, уланғандардың жүрегі айнып құсып, ауыздарынан ақ көбік атқылаған. Бірақ қандай газдан уланғаны белгісіз. Жергілікті ақпарат құралдары содырлар жағының хлор жарғаны туралы жазған болатын. Ал бүлікшілер жағы бұл жағдайға еш қатысы жоқ екенін мәлімдеп, оған Үкімет әскерін айыптап отыр. Айта кетейік, Алеппода үш күннен бері соғыс өрті өршіп кеткен. Онда билік жауынгерлеріне қарсы Сирия бостандық әскері мен жиһадшылар жабыла соғысып жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қаңтар

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде