Баян Есентаеваның бұрыңғы күйеуіне қатысты сот аяқталуға жақын
Үш күннен соң белгілі продюсер Баян Есетаеваның бұрынғы күйеуіне қатысты үкім шығады. Бүгінгі жарыссөз кезінде прокурорлар мен қорғаушылар бір-бірін түтіп жей жаздады. Өйткені мемлекеттік айыптау Бақытбек Есентаевты барлық бап бойынша кінәлі деп тауып, ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруды сұраған.
Автор: Жанар Низамутдинова
31.10.2016
Бекболат Жексейітов, Б.Есентаевтың адвокаты:
-Мемлекеттік айыптаушы барлық баптар қалады деді. Біздің де бұған қарсы өз айтарымыз бар. Бақытбек Есентаевтың іс-әрекетінде қылмыс құрамының болмауы себепті оны ақтауды сұрадық.
Процесс жабық жағдайда өткендіктен нақты қандай мерзім туралы сөз қозғалғаны әзірге құпия. Баян кешірім бергеніне қарамастан жаза жеңіл болмайтын секілді. Ал облыстық сот айыптау қорытындысын алқа билер үкім шығарғанша жалпақ жұртқа жария етпейтінін мәлімдеді. Еске салайық, 10 маусым күні шетелден оралған әртіс әйелін өлімші етіп сабаған Бақытбек Есентаев Қылмыстық Кодекстің бірнеше ауыр бабы бойынша жауапқа тартылып жатыр. Нақты айтқанда, «адам өлтіруге оқталды» және «зорлау» баптары бойынша айып тағылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!