Елімізде күйеулерінен алиментін ала алмай жүрген келіншектерге бюджеттен жәрдемақы төленбейтін болды
Елімізде күйеулерінен алиментін ала алмай жүрген келіншектерге бюджеттен жәрдемақы төленбейтін болды. Бүгін Үкімет алимент қорын құру туралы депутаттардың ұсынысын қабылдамай тастады.
Автор: Досжан Маратұлы
31.10.2016
Шенеуніктердің бас тартуына қаржы тапшылығы себеп екен. Өйткені қор құру үшін бюджеттің миллиондары қажет. Ал, қаржы нарығындағы қиын жағдай кезінде ұл-қыздарға әкесі үшін ақша төлеу қазынаға ауыр тиеді дейді Үкіметтегілер. Сондықтан бұл бастама қолдау таппаған. Айта кетейік, жақында Мәжіліс депутаттары мемлекеттік алимент қорын құрып, жалғызбасты әйелдерге көмек көрсету қажет деген. Сөйтіп, бала-шағасын тастай қашқан безбүйрек әкелерден алиментті Үкіметтің өзі өндіріп, қазынадан алынған ақшаның орнын толтырып отыруды ұсынған болатын.
Магеррам Магеррамов, Мәжіліс депутаты:
- Үкіметтің мұндай ұсыныстан бас тартқанын түсінбедім. Оның үстіне алимент төлей алмай жүрген әкелерді жұмысқа орналастыруға да көмектескісі келмейді. Жұмыс жоқ, алиментті қалай төлейді?
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!