Қарағандыда жойқын жарылыс жасамақ болған лаңкестер сот алдында жауап беріп жатыр
Қарағандыда лаңкестердің кезекті бір тобы сот алдында жауап бере бастады. 8 адам өткен жазда Балқаштағы Ресейдің әскери бөліміне шабуыл жасап, онымен қоса бірнеше нысанды жарып жібермек болған. Тек құзырлы орындар мұнысын біліп қойып, жылмысқы ойлары іске аспай қалған еді. Бірақ өліспей беріспеген бір содыр өзін өзі жарып жіберген болатын. Ал тірідей ұсталған 8 айыпталушыға қатысты процесс енді жабық өтпекші.
Автор: Саят Сабдалы
31.10.2016
Сот алдында мұздай қаруланған арнайы жасақ мұндағы күнделікті тірліктің сәнін қашырды. Өйткені мұнда діни экстремистік топтың 8 мүшесі жеткізілуі тиіс. Табалдырық алдында тағатсызданып күйеулерін күткен жұбайлары да жүр. 4 айдан бері жарларының бет- жүздерін көріп, тілдесе де алмаған олар күйеулеріне шаң жуытпай отыр.
Индира Жұмашева, Е.Үсеновтің әйелі:
-Оларды кінәлайтындай ешнәрсе көрген емеспін. Олар иә жиналады өйткені олар ағайындар Казір мұсылмандарды не нәрсемен ұстай алады. Наркотик тастап па? Жоқ. Проституциямен бе? Жоқ. Терроризммен ғана.
Десе де, сол лаңкестік әрекетті ұйымдастыруға осы жылдың сәуір айынан дайныдалғандарын дәл осы Индираның жары тергеу кезінде- ақ жайып салды. Қару-жарақ жинап, жарылғыш заттарды қолдан жасаған. Ал бүгін сот процесінде қалғандарының қорғаушылары да тергеушілер таққан айыппен келісетіндерін жамырай жеткізді. «Жаздым, жаңылдым» дегендер жазаның жеңілдеуінен үмітті.
Ғалым Нұрпейісов, адвокат:
- Олар теріс үгіт-насихаттың жетегінде кеткендерін түсініп отыр. Оларға бұл бір ойын сияқты көрінген екен. Мен қорғап жатқан Үсенов лаңкестік әрекетке дайындық кезінде өзі іштей қиналғанын айтады. Бас тартуды да ойлап жүріпті.
Естеріңізге салсақ, 26-шы маусымда арнайы операция кезінде күдіктілердің бірі өзін өзі жарып жіберген. Қалған сегізі ұсталып, қамауға алынған болатын. Олардан ондаған қару-жарақ пен 11 келі жарылғыш зат тәркіленді. Осы арсеналмен содырлар Қарағанды облысының бірнеше жерінде сойқан салуды көздеген екен. Нысанаға Балқаштағы Ресейдің әскери базасын да алған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!