{metadescription}

Адам құтқарам деп ажал құшқан шымкенттік құтқарушының отбасына баспана берілді

Үй әріптестері, кәсіпкерлер мен қарапайым жанашыр азаматтар жинаған 11 миллион теңгеге салынған.

Бір қауым ел болып салдырған 5 бөлмелі үйдің кілтін облыс әкімі өзі табыстады. Қажетті тұрмыстық техника мен жайлы жиһазға дейін қойылған баспанада енді марқұмның жесірі мен 5 баласы тұрады. Қызмет барысында мерт болған 43 жастағы Жомарт Сәрсенбеков құтқарушы болып 13 жыл бойы істеген екен. Ол биыл 30-шы мамыр күні тауда адасып қалған саяхатшыны құздан төмен түсірмек болғанда өзі құлап мерт болған еді. Марқұм құтқарушы мемлекеттік награда «Айбын» орденіне ұсынылды.

Ұлжан Сабазова, марқұмның жесірі:

-Біз 2004 жылы отызыншы мамыр күні үйленгенбіз. Биылғы жылы 13 жыл болып еді, тура үйленген күні қайтыс болды. Арманы көп тұғын. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.