{metadescription}
Жоғарғы соттың смартфонына жұрт жаппай таласып жатыр
Жоғарғы соттың смартфонына жұрт жаппай таласып жатыр

Жоғарғы соттың смартфонына жұрт жаппай таласып жатыр

Жоғарғы соттың жүлдесі үшін қызу талас. Судьялар қымбат смартфондардың ұтыс ойынын өткізіп жатыр. Осы арқылы қазылар ел азаматтарының құқықтық білімін тексеріп қана қоймай, оны жетілдіруді ойлап отыр екен.

Ал, смартфондарды ұтып алу үшін жұрт Жоғарғы соттың сайтындағы викториналық сұрақтарға сүрінбей жауап беру қажет. Ондағы сауалдардың барлығы еліміздің заңдарына қатысты түсінікті етіп әзірленген дейді жауаптылар. Ал, ұтыс қорытындысы келесі бейсенбіде белгілі болмақ. Сол күні бағалы смартфондар көп сұраққа дұрыс жауап берген үш адамға сыйлыққа беріледі. Ал, оған дейін сауалдарға жауап беріп, ұялы телефонға 200 немесе 500 бірлік ұтып алуға да болады.  

Бикеш Шәкенова, ҚР Жоғарғы сот баспасөз қызметінің өкілі:

-Барлығы жалпы 100 сұрақ құрастырылған. Оның 10-ы кездейсоқ  тәртіппен қатысушыға қойылатын болады. Жеңімпаздарды компьютер арқылы бағдарламаның  өзі анықтайды . Бұған адамның қатысы жоқ. Қолмен жасалмайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.