Елімізде күн күрт суытпақ
Қар, тұман және көк тайғақ! Бүгін алдағы бірнеше күнге ауа райы болжамын жасаған синоптиктер, еліміздің басым бөлігінде қалың қар жауатынын айтып отыр.
Автор: Досжан Маратұлы
01.11.2016
Әсіресе, солтүстік ақұлпаның астында қалмақ. Әрі жұрт көк тайғақ пен тұманға дайын болуы тиіс. Ал, оңтүстік өңірлерде жауын жауады деп күтілуде. Батыс пен Шығыста күн күрт суытады. Астанада да ауа райы құбылып тұр. Ерте түскен суықтан қатып үлгерген Есілдің мұзы қайта еріп жатыр. Құтқарушыларды осы алаңдатады. Өйткені, жолды қысқарту үшін мұздың үстімен өтетіндер мен балық аулайтындар суға түсіп ажал құшуы мүмкін. Сондықтан аяз түсіп, мұз қалыңдағанша күте тұрған абзал дейді құтқарушылар.
Бисенбай Жексенов, Астана қалалық аэромобилді жедел-құтқару жасағы бастығының орынбасары:
-Ең бірінші балаларға қауіпті. Қазір каникул кезінде, ата-аналардың қарауынсыз қалған балалар мұздың бетіне шығып кетеді. 2012 жылы қайғылы оқиға болған. Баланы құтқарам деген ер адам да қаза тапқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!