Назарбаев Қаржы министрін кабинетіне шақыртты
Еліміздің бас қаржыгері бюджетті қалай толтырғанын айтып берді. Бүгін президент Қаржы министрін кабинетіне шақырып тапсырған ауқымды істерінің қалай орындалып жатқанын сұрастырды.
Автор: Ербол Сейілхан
01.11.2016
Есепке жүйрік Бақыт Сұлтанов саннан шатысқан жоқ. Тапшылықты айтпағанда, республикалық бюджеттің түсімі 7,4 пайызға өсіпті. Бұл әсіресе, салықтан түскен пайда . Қаржы министрлігіне Елбасы екі ауқымды шаруаны сеніп тапсырған. Біріншісі, мүлікті заңдастыру, екіншісі мемлекеттік мекемелерді жаппай сатып жекенің қолына беру. Жекешелендіруді прзидент әділ әрі ашық өткізуді жүктеді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
- Сондықтан келген инвесторларға тікелей сату мәселесі. Екіншіден өзіміздің инвесторларға сату. Әсіресе, ивесторларға жекешелендіру кезінде ашық болу керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!