Теңге қайта құлдырай бастады
Ұлттық валютаның АҚШ долларына шаққандағы бағамы бірнеше апта бойы бірқалыпты ұстап тұрған. Алайда бүгін шетел валютасы бірден екі теңгеге қымбаттап шыға келді.
Автор: Диас Нұрақын
01.11.2016
Мұны сарапшылар әлемдік нарықтағы мұнай бағасының арзандауымен байланыстырып отыр. Яғни қара алтын құны құбылған сайын теңге де тұрақсыздық танытады. Қаржыгерлер бұдан қауіптенудің қажеті жоқ дейді. Өйткені ОПЕК-ке мүше елдер мұнай өндіру көлемін азайтуға келіссе, қара алтын бағасы қайта көтерілмек. Демек жыл соңына дейін АҚШ ақшасы 330-340 теңге көлемінде болады деп болжануда.
Айдар Қалиасқар, сарапшы:
-Біздің ойымызша ұлттық валюта қиын жағдайда емес. Яғни қалыпты бағаммен сатылып жатыр. Ал алдағы уақытта мұнайдың бір баррельі 48-52 доллар көлемінде сақталады. Сондықтан ара-тұра бағаның ауытқушылығы, теңге бағамына да әсер етіп отыратыны заңдылық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!