{metadescription}

Кейкі батырдың бас сүйегі келер жылы жерленетін болды

93 жылдан соң Ресейден елге оралған Кейкі батырдың бас сүйегі келер жылы күзде жер қойнына берілетін болды. Бүгін вице-премьер Иманғали Тасмағамбетов 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің батырын жерлеу бойынша, арнайы кеңес өткізді.

Жерлеу рәсіміне дайындықты тиянақты жүргізу керек дейді Иманғали Тасмағамбетов. Әсіресе, Мәдениет министрі мен Қостанай облысының әкіміне даңқты қолбасшының денесі көмілген орынды іздестіріп, Кейкі батырдың кесенесін жобалап оның құрылысын қолға алуды тапсырды. Қазір батырдың бас сүйегіне антропологиялық сараптама жасалып, келбеті қалыпқа келтіріліп жатыр. Бұл іс біткен соң Ресейдің отарлау саясатына қарсы шыққан Кейкі батыр мұсылмандық ғұрыпқа сай жерленбекші.

Серік Ақылбай, Сенат депутаты:

-Қыстың көзі қырауда апарып жай көме салатын бас емес. Ол халық батыры. Сондықтан арулап тиісті мемлекеттік деңгейде жерлеу осы комииссияда шешілді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.