Америкада Трамптың қолдаушылары көбейіп келеді
АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трампты қолдайтындар қатары көбейіп келеді.
Автор: Диас Нұрақын
02.11.2016
Әлеуметтік сауалнама қорытындысы бойынша дауыс берушілердің басым бөлігі республикашылдар атынан сынға түсіп жатқан миллионерге бүйрегі бұратынын білдірген. Осылайша сайлауға бар-жоғы алты күн қалғанда Трампты қолдаушылар саны Хиллари Клинтонның жақтастарынан асып түсті. Ал Клинтонды АҚШ-тың қазіргі президенті шама-шарқы жеткенше қолдап, халықты демократтарға дауыс беруге шақыруда. Тіпті Барак Обама Дональд Трампты ел басқаруға жарамайды деп пікірін ашық білдірген. Десе де, АҚШ-тың 45-ші президенті кім болатыны 8-ші қараша күні өтетін сайлаудан кейін белгілі болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!