Ирак әскері содырларға жойқын соққы берді
Ирак әскері енді Мосулдың шығыс жағында шоғырланған содырларға соққы бере бастады. Жарты айден бері жүріп жатқан шайқастан кейін үкімет шаһардағы телемұнара ғимаратын өздеріне қайтарған.
Автор: Диас Нұрақын
02.11.2016
Осылайша әскерилер жан-жақтан шабуылдап, солтүстіктегі лаңкестер бекінісін де бұзып өтті деген мәлімет тарап жатыр. Алайда Біріккен ұлттар ұйымы бұл соғыстан бейбіт тұрғындар қырылып қалуы мүмкін деп дабыл қағуда. Өйткені содырлар өздерінің әскери базаларының маңына қала тұрғындарын көптеп шоғырландырып, азаматтарды тірі қорған ретінде пайдаланып жатыр екен. Айта кетейік бір жарым миллион халқы бар Мосул қаласындағы ауқымды әскери операция 17-ші қазанда басталған болатын. Содан бері бас амандығын ойлаған тұрғындар барлық мүмкіндікті пайдаланып, туған өлкелерін тастап қашуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!