{metadescription}
Елінен кешірім сұраған Ақжарқын Тұрлыбай  сотта   жылап жіберді
Елінен кешірім сұраған Ақжарқын Тұрлыбай  сотта   жылап жіберді

Елінен кешірім сұраған Ақжарқын Тұрлыбай сотта жылап жіберді

Қытайда өмір бойы түрмеге қамалған қазақ қызы Ақжарқын Тұрлыбай алғаш рет тілшілерге сұхбат берді. Апелляциялық соттың шешімімен ісі қайта қаралып жатқан отандасымыз, ағайын-туысынан кешірім сұрап, әділдік орнайтынына сенім білдірді.

 Ақжарқын Тұрлыбай:

-Елшілікке, адвокаттарға, барлығына алғысым шексіз. Әділдіктің орнайтынына сенем. Туған-туыстарымның мені кешіруін, маған ренжімеуін өтінем, маған сенгенінқалаймын. Қолдауларыңыз үшін рахмет

Ақжарқын бүгінде Қытай тілін бір адамдай меңгеріп қалған. Сондықтан аудармашының көмегінсіз сот отырысын қытай тілінде өткізуді қалапты. Сот төрағасы оны ұялы телефонға түсіруге рұқсат еткен. Сөйтіп, 22 жастағы отандасымыз Қытай полицейлерінің қолына түскелі бері алғаш рет тілшілерге сұхбат беріп отыр. Қазіргі уақытта жерлесімізді қазақстандық және қытайлық екі адвокат қорғауда. Олардың айтуынша, Ақжарқынның денсаулығы қалыпты. Ол 2014 жылдың наурызында Қытайдың Малайзиямен шекарасында ұсталып, жүк сөмкесінен 4 жарым келі есірткі табылған. Ал өзі ештеңе білмейтінін мәлімдеген. Ендігі сот отырысы 2017 жылдың басында болады деп күтілуде. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде