{metadescription}

Семейде жол жөндеуге қатысты тағы да шу шықты

Қоғам белсенділері бұл жолы да жаңбыр суының үстіне асфальт төсеп жатқан жол жөндеушілерді таспаға түсіріп алған. Шұңқырлардағы суға қарамастан қалыңдығы 15 сантиметр жол төсегендердің бұл әрекетінен жауапты мекемелер хабарсыз болып шықты.

Белсенділер түсірген мына видеода аз ғана уақыт бұрын ғаламтор «жұлдызына» айналған семейлік жол жөндеушілер жұмыс істеуде. Бұл жолы да асфальт ойықтарындағы көлкіген судың үстіне жаңадан асфальт төсеп жатыр. Тіпті жедел жәрдем мекемесіне тартылған жолдың бір бөлігін бітіріп те үлгеріпті. Жөндеудің сапасыздығы жөніндегі ескертуге жұмысшылар құлақ аспаған соң, тұрғындар көмекке қоғам белсенділерін шақырған.

Әсет Жұмаділов, жүргізушілерді қолдау қоғамының белсендісі:

-Жаңбырдың астында ол асфальт еріп кетеді. Ал, бұл жерге келесі жылы қайтадан жөндеу жасалмайтыны белгілі. Мұны ескерген тұрғындар бізден  араша сұрап көп қоңырау шалды.

Ал бұл – қаланың басқа ықшамауданы. Мұнда да көлкіген көлшіктің бетін жаңа жол жапқан. Кеуіп үлгермеген асфальттің буы бұрқырап жатқаны көзге ұрып тұр. Ал жауапты орындар жаңбырда жөнделген жол туралы соңғы ақпаратты тұрғындардан естіпті. Алайда мердігер компанияға сөздерін өткізе алар емес.

Қанағат Қожахметов, Семей қаласы әкімдігінің автомобиль жолдары жөніндегі бас маманы:

-Мердігер мекемеге ауызша және жазбаша ескерту жасалды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты асфальт төсеу кейінге қалдырылған болатын. Бірақ, бізге белгісіз себептермен «Гордорстрой» ЖШС асфальт төсегені туралы ақпараттар келіп жатыр.

Суға кетіп жатқан қаржы бюджеттен бөлінген. Жедел жәрдем көлігінің қатынауын жеңілдету үшін көшені күрделі жөндеуден өткізуге 193 млн теңге қарастырылған еді. Екі жылға жоспарланған жөндеу жұмыстарын бастау үшін  алғашқы транш 50 млн теңге мердігер компанияға аударылып та қойыпты.

Оны жергілікті мердігер мекемеге сеніп тапсырған мамандар жаңа технология бойынша 10 градус аязға дейін асфальт төсеуге болады деп ақталды. Сондықтан олар көлкіген судың үстіне түскен жолды қабылдап аларда толық зерттемек ниетте. Ал бұл сорақылықты көзбен көрген жұрт оған күмәнмен қарайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде