{metadescription}
Әлемдегі артық уран қорын Өскеменде сақтауға Мәжіліс рұқсат берді
Әлемдегі артық уран қорын Өскеменде сақтауға Мәжіліс рұқсат берді

Әлемдегі артық уран қорын Өскеменде сақтауға Мәжіліс рұқсат берді

Әлемдегі артық уран қоры Қазақстанда сақталмақ. Ол үшін Өскемендегі Үлбі металлургия зауытының жанынан арнайы қойма ашылатын болды. Сөйтіп, МАГАТЭ дүние жүзінен жиналған тонналаған уранды қазақ  жерінде ұстап отырмақшы. Бұған бүгін Мәжіліс те келісім берді.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

-Бұл халықаралық қойма, тек қойма. Бұл уран МАГАТЭ-нің меншігінде болады. Құрылысын Үлбі металлургия зауыты бастады. Келесі жылы мамыр-маусымда   бітіреді. Сол кезде құжаттарды реттеуге болады.

Мұндай уран сақтайтын халықаралық банк бұрын-соңды ешбір мемлекетте болмаған. Яғни, дүние жүзі бойынша келесі жылы бірінші рет Өскеменде ашылғалы тұр. Үкімет бастапқыда МАГАТЭ-ге Семей мен Өскеменнен жер ұсынған екен. Халықаралық ұйым ұзақ қарап, Үлбі металлургия зауытын таңдапты. Енді шығыстағы қоймаға әлемнің түкпір-түкпірінен  контейнерлермен  тонналаған уран келеді деп жоспарлануда. Оның қауіпсіздігіне, экспорт пен импортқа МАГАТЭ тікелей жауапты. Және қоймадағы шикізат тек әлемде аяқасты уран тапшы байқалған жағдайда ғана пайдаланылады екен. Бірақ, бұл жобадан Қазақстанға бір тиын да пайда жоқ. Тек болашақта атом электр станциясына арнап отын өндірсек, МАГАТЭ қолдау көрсетеді деген үмітпен Үкімет Өскеменнен қойма ашуға келісіпті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.