Күлікбаевқа кесілген өлім жазасы бүгін-ертең орындалмайды
Тіпті, мүлдем орындалмай, лаңкес оны түрмеде өмір бойы күтіп өтуі де мүмкін. Өйткені, Қазақстанда 2003 жылдан бері бұл ең ауыр жаза түріне тыйым салынған. Мораторий алынса еліміздің беделіне нұқсан келеді дейтіндер де көп. Әрі Қазақстанның бұл ретте халықаралық қауымдастық алдында алған міндеттемелері бар. Дегенмен, депутаттар кесілген үкімді тегіс қолдап отыр.
Автор: Ербол Сейілхан
02.11.2016
Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты :
-Әрине бұл кісінің кінәсі дәлелденген. Өзі де мойындап отыр. Бұндай қылмыскерлерге өлім жазасы аса жеңіл болуы да мүмкін.
Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс депутаты:
-Қылмыстық кодекс кей жағдайда өлім жазасын қолдануға рұқсат береді. Оның ішінде адам қазасымен аяқталған теракті кезінде. Сол себепті үкімді әділ деп есептеймін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!