Теміртауда оқушылардан таяқ жеді делінген тұрғын өз пікірін білдірді
Теміртау мектептерінің бірінде 4-ші сынып оқушыларының ақыл есі кем адаммен алысып жүрген бейнеролигі ғаламторда қызу пікірталас тудырды. Видеоны жүктегендер мектеп балаларының әлжуаз жанды соққыға жыққаны туралы мәлімдеген.
Автор: Саят Сабдалы
03.11.2016
Мына бейнероликте бір топ оқушы Александр Огневті ортаға алып, бас киімін бір-біріне лақтырып жүр. Оларды қуған 54 жастағы тұрғынның баспалдақта шалынып құлағаны да көрінеді. Роликті ғаламторға жүктеген автор кемтар адамға балалардың қатыгездік жасағанын айтқан. Содан қызу пікірталас туып, мектеп басшылығы мен ата-аналардан түсініктеме алыныпты. Алайда бүгін бейнероликте зардап шекті деген мүгедек жанның өзі мектепке келіп, балалармен әншейін ойнағанын жеткізді. Сол ауданда туып өсіп, ешкімге қиянаты жоқ Александрды мұндағы оқушылардың бәрі таниды екен.
Александр Огнев, Теміртау қаласының тұрғыны:
-Мен өзім ол балалармен ойнағанмын. Барлығы да менің ауламда тұрады. Сабақтарына шығарып салам, күтіп алам күнде. Жаңағыдай күнде ойнап асыр саламыз. Балаларды сол үшін жазғырудың қажеті жоқ. Олардың барлығы менің достарым.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!