{metadescription}

Семейде саяжай тұрғындары толарсақтан саз кешіп жүр

Бір аптаға жуық толассыз жауған жаңбыр Бобровка кентіндегі көшелерді ми батпаққа айналдырған. Ал, тұрғындар саяжай иелері кооперативіне жол жөндеу үшін ай сайын ақша жинап бергенімізбен нәтиже жоқ деп мұң шағады. Кооперативтегілер де өздеріне шаң жуытар емес.

Бұл – Бобровка кентіндегі саяжай тұрғындары. Саз-балшықты соқпақпен жүруге мәжбүр олар тез арада тас жол салуды талап етуде. Осы мақсатта ай сайын 1000 теңгеден ақша жинап беріп отырған. Төлемесе – электр жарығы қиылады. Әйтсе де әлі күнге жолға зәру жұрт 4000 тұрғынның әр айда жинайтын ақшасы қайда кеткенін білмей отыр.

Күлән Тұрдығұлова, саяжай тұрғыны:

-Талап еттік. Сұрадық. Калинкаға дейін жөндейміз дейді тек.

Галина Борисова, саяжай тұрғыны:

-Біз зардап шегіп отырмыз. Бірақ жолға және күзетке ақша төлейміз. Іс жүзінде оның біреуі де жоқ.

Ал, қомақты қаржыны қалтасына басты деп тұрғындар айыптаған саяжай кооперативінің төрағасы болса ондай ақшаны көрмегенін айтып азар да безер. Жылына бір рет жылу жинайтынын алға тартқан төраға, 1 млн теңгемен қай жыртықты жамаймын дейді.

Владимир Рульков, саяжай кооперативінің төрағасы:

-Жиналған ақшаға тазарту жұмыстарын жүргіздік. Көшедегі үлкен шұңқырларға қиыршық тас немесе күл төктік. Оған техника жалдадық. Бәрін бірдей ретке келтіре алмаймыз.

Ал бұл- қаланың жаңбырдан кейінгі орталық көшелеріндегі көрінісі. Жол жиектеріне су ағатын арықтар орнатылмағандықтан күре жолдары көлшікке айналған. Ондағы ой- шұңқырға түсіп көлігімізден сапа қалмады деген жүргізушілер жауапты мамандарға қанша мәрте хабарласқан екен. Бірақ, олар суды дер кезінде сорып үлгере алмай жатса керек, біріне –бірі сілтеген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде